Атырау облыстық балалар кітапханасының 1 маусым

Атырау облыстық балалар кітапханасының 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген іс-шара ақпараты

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облыстық балалар кітапханасының ауласында “Мерекеңмен,балапан!” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, балабақша бүлдіршіндері, сонымен қатар ерекше балалар да қатысты. Шараның басты мақсаты: оқырмандарға мерекенің маңызын түсіндіре отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шара алдымен кітапхананың басшы орынбасары Қ.А.Есболатқызының мерекелік құттықтауымен ашылып, одан әрі кітапханашы “Кітап оқиық, балақай” атты ең сәнді, ең тәтті, ең қызықты кітаптар қойылған кітап көрмесімен таныстырды. Мерекелік шара 3 кезеңнен тұрды: “Әрқашан күн сөнбесін” әншілер сайысы, “Менің қолымнан бәрі келеді” қолөнершілер сайысы, “Мен бақытты баламын” суретшілер байқауы бойынша ерекше балалар аса қызығушылықпен белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Шара барысында “Ертегі кейіпкері шақырады” атты ертегі кейіпкерлерінен ертегі қойылымдары көрсетіліп, мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілерімізде мерекелік шашуларын шашты. Шара соңында кітапхана атынан барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
В Атырауской областной детской библиотеке прошло праздничное мероприятие “Мерекеңмен, балапан!”, приуроченная к празднику. 1 Июня – Международный день защиты детей. В мероприятии приняли участие постоянные читатели, воспитанники детского сада, а также дети с особенностями. Главная цель мероприятия: Объяснить значение праздника и подарить праздничное настроение маленьким читателям. Мероприятие взяло своё начало с праздничного поздравления заместителя руководителя библиотеки Қабиевой А.Е. Далее библиотекарь ознакомила посетителей с книжной выставкой “Кітап оқиық, балақай”, на которой были представлены самые красочные, самые привлекательные и самые интересные книги. Праздничное мероприятие состояло из 3 этапов: Состязание певцов “Әрқашан күн сөнбесін”, состязание рукотворцев “Менің қолымнан бәрі келеді”, соревнование художников “Мен бақытты баламын”. В этих соревнованиях с большим интересом приняли участие дети с особенностями, показав свои способности и таланты. В ходе мероприятия были разыграны сценки из сказок с участием сказочных персонажей “Ертегі кейіпкері шақырады”, а также завораживающие своими движениями танцоры и обладающие словно звон серебра голосом певцы подарили атмосферу праздника. В конце мероприятия, от имени библиотеки участникам были вручены благодарственные письма и памятные подарки.





Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля