1 маусым — BALA FEST

Атырау облыстық балалар кітапханасы «2022 – Қазақстандағы балалар жылы» аясында 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, облыстық балалар кітапханалары арасында  «Бала,бала, болашақ»  атты bala fest өткізді.

Шараға мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының орынбасары Қыстаубаева Ә.Б., Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Измухамбетова С.С., «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат  қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Атырау облыстық филиалының төрайымы Шайхашева Г.С. және аудандық балалар кітапханаларының меңгерушілері, сонымен қатар әділқазылық етуге  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан сурет одағының мүшесі,  Қазақстан ұлттық дизайн  академиясының  академигі , Еуразия дизайн одағының мүшесі Кендір Отарбай Қанатұлы, Полиготик балалар оқу орталығының ұстазы Мұратова Айымгүл Ысқаққызы, Абай атындағы №15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтимова Самал Ерсайынқызы қатысты.

Алдымен мерекелік шара кітапхана ауласында басталып, ортаға ертегі кейіпкерлеріне енген кітапхана қызметкерлері келіп балаларға әр түрлі ойындар ойнатып, сұрақтар қойды. Одан әрі алдын-ала жіберілген фестиваль ережесі бойынша қатысушылардың жұмыстары сараланып, әр номинация бойынша әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

  1. «Мен және менің кітап әлемім» кітаппен селфи фото-сурет сайысында 1032 лүпіл санымен Жылыой аудандық балалар кітапханасының оқырманы Мұхаммед Айша 1 орын, 955 лүпіл жинаған Индер аудандық балалар кітапханасынан Өтеп Нұрдәулет 2 орын алса, Махамбет аудандық балалар кітапханасының оқырманы Мақсот Асылтаң 630 лүпілмен 3 орынды жеңіп алды.
  2. «Бала арманы» эссе жазу байқауы бойынша 1 орынды Индер аудандық балалар кітапханасы Оңғар Еділ, 2 орынды Облыстық балалар кітапханасы Аманжолұлы Асылжан, 3 орынды Құрманғазы аудандық балалар кітапханасы Тоқтар Назерке жеңіп алды.
  3. «Балалар қылқаламынан» сурет салу сайысында Облыстық балалар кітапханасының оқырманы Отарбай Мадина 1 орынды, Индер аудандық балалар кітапханасы оқырманы Ахат Айша 2 орынды, Махамбет аудандық балалар кітапханасының оқырманы Тусупкали Аяна 3 орынды иеленді.
  4. «Әрқашан күн сөнбесін» ән сайысында жүлделі 1 орынды Махамбет аудандық балалар кітапханасынан Нұрболқызы Асылым, 2 орынды Индер аудандық балалар кітапханасынан Өтеп Нұрдәулет, 3 орынды Атырау облыстық балалар кітапханасынан Ғайни Ибраһим алды.

Сонымен қатар, «Рухани қазына – 2022» республикалық фестиваліне қатысып, балалар кітапханасының дамуына үлес қосқаны үшін Қызылқоға аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Роза Самсинқызы кітапхана атынан «Алғыс хат» және естелік сыйлықпен марапатталды.

Шара соңында мерекелік шараға белсене қатысқан оқырмандарға, қонақтарға кітапхана атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.







Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля