1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 1–4 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік шара өтті.

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және олардың құқықтарының қорғалуын насихаттау.

Мерекелік кешті Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Айгүл Базарбайқызы ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Шараның шымылдығын кітапханашы Д. Сартбаева ашып, библиограф Н.Амангелдіқызы шара аясында ұйымдастырылған «Балалық шақ кітаппен көркем» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Өнер бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған «Бір кітап – бір бақыт» атты сурет салу сайысында жас оқырмандар өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық қабілеттерін паш етті.

Мерекеге өнер мектебінің «Мюзикл» және «Мюзишнс» топтарының дарынды оқушылары қатысып, көрермендерге кітаптың құдіретін дәріптейтін «Түн ортасындағы кітапхана» атты әсерлі мюзикл ұсынды. Сонымен қатар, «Мюзишнс» өнер мектебінің талантты шәкірттері мен Kerbez Kids би тобының орындауындағы «Өзбек биі» және «Хулиганки» композициялары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жас өнерпаздардың музыкалық аспаптарда шебер ойнауы да көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.

Ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен өткен мерекелік бағдарлама балаларға ерекше көңіл-күй сыйлап, оларды кітап әлемінің сиқырлы сырларына жетеледі. Қызықты ойындар мен әсерлі қойылымдарға толы кеш бүлдіршіндердің жадында жарқын естелік болып қалды.

Шара соңында мерекеге белсенді қатысқан оқушыларға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табысталып, балғындарға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйланды. Балалардың күлкісі мен шаттыққа толы жүздері мерекенің басты жетістігіне айналды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля