30 маусым 2023 жылы Облыстық балалар кітапханасының өнер секторының қызметкерлері «Қазағымның қазынасы – Домбыра» атты өнер сағатын өткізді.
Мақсаты: оқырмандарға Домбыра жайында түсінік беру, оның құрылымымен мен жасалу технологиясымен таныстыру, қазақ халқының күйшілерін таныстыру, олардың күйлерін тыңдап, шығу тарихын зерттеп, рухани азық беру.
Осы орайда өнер секторының меңгерушісі С.Салихова оқырмандарға домбыра жайында терең түсінік беріп, кітап көрмесіне қойылған кітаптарға библиографиялық шолу өткізді. Кітап көрмесіне Ж.Тұрдығұлов «Домбыра», Ә.Байтөрин «Домбыра», А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері», С.Сейфуллин «Домбыра», «Домбыра күй» және көптеген кітап қорымыздағ кітаптар қойылды. Шараға қатысқан оқырмандарымыз домбыра тартып, домбыра, күйшілер жайында ойларын ортамен бөлісті.
Қазақ тілі
Русский

