12 маусым күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұлттық рухтың шырағы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға І. Есенберлиннің шығармашылық мұрасын насихаттау.

Көрмеге тағылымды тұлғаның ұлт тарихын ұлықтаған «Көшпенділер» трилогиясы:  «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар», және «Хан Кене», «Айқас»,  «Махаббат мейрамы», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы» т.б. туындылары қойылды.

Шара барысында оқырмандар жазушының «Көшпенділер» трилогиясы бойынша сұрақтарға жауап беріп,  өз ойларын ортаға салды.

Ілия Есенберлин — қазақ халқының тарихын, мәдениетін және рухани мұрасын жаңа буынға жеткізген тұлға. Оның шығармалары мәңгілік құндылық ретінде өз оқырмандарын таба бермек.

Бұл жасақталған көрме өскелең ұрпақты ұлтының тарихын жадында зерделеуге шақырады деп сенеміз.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля