Мақсаты: Жетістікке жету жолындағы кейіпкеріміздің қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін оқырмандарға әңгімелеп, кәсіптегі өмір жолымен таныстыру.
Кітапханашы А.Мухамбетова шараны ашып «Тігіншілік – тиімді кәсіп» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Жалпы, тігін өнеркәсібі – әлем экономикасының алдындағы үлесі мен салмағы жоғары кәсіп десек те болады. Жас тігінші М.Мұқанова облыстық балалар кітапханасының оқырмандарына тігін кәсібіне қалай қадам басып, сүйікті ісімен қай уақыттан бері айналысып келе жатқаны туралы ой бөлісіп, қазақтың ұлттық әшекей бұйымы «Шекелік» жасаудан шеберлік сағатын көрсетті.
Бұл кеште № 15 Абай атындағы орта мектебінің 7 «а» сынып оқушылары И.Махамбетұлы «Ақ саулем» әнін, Б.Амиров «Атырау-мекенім» әнін шырқап, алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақ тілі
Русский


