12 желтоқсан күні Облыстық балалар кітапханасында «Кітап.Кітапхана.Оқырман» атты кітап кеші өтті

12 желтоқсан күні Облыстық балалар кітапханасында «Кітап.Кітапхана.Оқырман» атты кітап кеші өтті. Мәдени-көпшілік шара барысында  кітапхананың тұрақты оқырмандарымен қатар қала мектептерінің оқушылары, ата-аналар, ұстаздар қатысты.

Мақсаты – ата-аналар мен оқушыларға кітап оқуды насихаттау және бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізудің жолдарын көрсету.

Шара ең алдымен кітапхана фаесінде ұйымдастырылған «Жаңа кітаптар бізбен бірге» атты көрмесімен ашылып, одан әрі

  • «Кітапханаға жазылуға асық» лоториялық билет;
  • «Мен кітаппен қалай достастым» оқылған кітаптар экраны;
  • «Кітап беттерінен қазына іздеу» квест ойыны;
  • «Дәмді кітаптар» бибилиофуршет ұйымдастырылып, жыл қорытындысы бойынша
  • №41Ә.Кекілбаев атындағы мектеп-гимназиясының 4 «а» сынып оқушысы Арманұлы Сұлтан,
  • Н.Тілендиев атындағы мамандырылған мектеп-гимназия интернатының 9 «ж» сынып оқушысы Кабдирова Нұрайна

«Үздік оқырман — 2024» номинациясымен  марапаталды.

«Үздік шығарма» «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында биыл таңдалған балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасы таңдалды.

Руханият ордамыздағы оқырмандарға арналған кітап кеші оқырман мен шара қонақтарының көңілінен шықты.

 

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля