13.12.24 Облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері мен №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлескен «Тәуелсіздік — тұғырым» атты мерекелік шара өтті.

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, қарттарымызға мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Осы орайда әнұран орындалып, №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы С.Шәкірұлы құттықтау сөзімен мерекелік шараны ашты. Шараға Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттері және кітапхана оқырмандары өз өнерлерін көрсетті. Облыстық балалар кітапханасынан атаулы мекемеге марапат беріліп, шараға белсене қатысқан бүлдіршіндерімізге де алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді. Осылайша, мерекелік кешіміздің соңы қадірлі қарияларымыздың жүрек жарды тілегімен жалғасып, «Атамекен» әнін хормен орындай келе өз мәресіне жетті.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля