Мақсаты: оқырмандарды балалар жазушысы, ақынмен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Оның шығармаларын танып-білуге ақынның қолтаңбасын алу арқылы ерекше әсер сыйлау.
Шараға Д. Қонаев атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінің 3 «ә» сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашы Д.Сартбаева шараны ашып, келген қонағымызды таныстырып, «Балалық шақтың досы-кітап» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Одан әрі жазушы Б.Дәулетов шығармашылығы туралы әңгімелеп, балаларға арналған туындыларынан үзінділер оқыды. Оқырмандар ақынға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін сұхбат алды.
Шара соңында оқырмандар өз дәптерлеріне жазушының қолтаңбасын алды.
Қазақ тілі
Русский



