Мақсаты: Көне Сарайшық туралы жазбалар мен көркем суреттер арқылы қаланың тарихын көрсету және насихаттау.
Шара барысында бөлім кітапханашысы Ахметқалиева Ләззат Қазақ халқының алғашқы астанасы, қойнауы құпияға толы Сарайшық шаһарынан табылған құнды жәдігерлер туралы мәліметтерді айта отырып,әдеби қазбаны таныстыру мақсатында жасақталған кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмеге “Сарайшық – бабалар мұрасы”, “Сарайшық”, “Сарайшық – астана қала” және т.б кітаптар қойылды.
Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы. Қала Жайық өзенінің жағасында Атырау қаласынан 50 шақырымнан қашықтықта орналасқан. Сарайшық қаласы дереккөздерге сәйкес 13 ғ. Бату ханның кезінде салынған . Қала үстімен Еуропа елдері мен Алтын орда астанасынан Хорезм қалаларына, сондай-ақ Үндістан, Ирак және Қытайға басты құрлықтың керуен жолдары өткен. Бірқатар қолайлы жағдайлар салдарынан қала қарқынды дамыды.
Алтын орданың ыдырауынан кейін Сарайшық XVI ғасырдың 40 жылдарына қарай біртұтас Ноғай ордасы мемлекеті болып қалыптасқан Маңғыт жұртының астанасы болды. Атақты Хасым ханда (1511-1524 ж.ж) Сарайшықты Қазақ мемлекетінің астанасы етеді. Бірақ , Қазақ хандығы тарихындағы шиеленісті жағдайлар нәтижесінде, Қасым хан мұрагерлері тұсындағы аумақ тұтастығын және ел тәуелсіздігін қорғауға байланысты, сансыз қақтығыстардың кесіпінен Сарайшықтан уақытша айырылуға мәжбүр болды. Ақыры 1568 Хақназар хан (1538-1580 ж.ж) Қазақ хандығы құрамына Сарайшықты қайтарып алды. Сарайшық қаласы 1580 жылы казактардың қарақшылық шабуылы нәтижесінде түпкілікті құлайды.

Қазақ тілі
Русский