Шара барысында жыл бойы кітапхана қызметін белсенді пайдаланған, ең көп кітап оқыған және түрлі мәдени-танымдық іс-шараларға қатысқан оқырмандар анықталып, арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінің 4 курс студенті Уңгарова Айдана Маратқызы «Ақерке» халық әнін орындап, шараны ашты. Үздік деп танылған оқырмандар өздерінің сүйікті шығармалары туралы әңгімелеп берді.
Қорытындылай келе басшы орынбасары Ж.М.Дилмаганбетова оқырмандарды аталған номинациялар бойынша марапаттады.
«Кішкентай оқырман» номинациясы бойынша «Сенім» элитарлық мектебінің 1«с» сынып оқушысы Черных Виктория, «Ынталы оқырман» №3 мектеп-гимназиясының 2«а» сынып оқушысы Қуанышбек Айсана, «Үздік оқырман» №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің 4«ә» сынып оқушысы Кенжеш Зере Нұрланқызы, «Белсенді оқырман» №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің 4«ж» сынып оқушысы Жылқыбай Айым Ерсайынқызы, «Талғампаз оқырман» Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейінің 7«а» сынып оқушысы Базарбаева Ақмаржан Қайратқызы, «Мәңгілік классика номинациясымен» №40 З.Қабдолов атындағы мектептің 8«ә» сынып оқушысы Зинеден Арсен Болатұлы, «Фэнтези оқырман» №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназиясының 7«ә» сынып оқушысы Құдайберді Асылхан Берікұлы, «Үздік оқырман» номинациясы бойынша Қабды Алихан Мустахимұлы марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қазақ тілі
Русский