Мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, әдеби талдау жасау қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Талқылауға Білім инновация лицейінің 9-10 сынып оқушылары және Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенттері ат салысты. Сондай-ақ, Айгүл Базарбайқызы Қуаныш, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы қатысты.
Алдымен кітапханашы Ж. Молдашева шығарманың негізгі мазмұны туралы түсінік берді. Талқылау барысында қатысушылар шығармадағы тарихи кезең, қазақ қоғамындағы әйел бейнесі, Ұлпанның парасаттылығы мен қайсарлығы туралы ой бөлісті. Кейіпкердің даналығы, ел бірлігін сақтаудағы ролі және адамгершілік құндылықтары ерекше аталып өтті. Талқылаушылар романның тәрбиелік мәніне тоқталып, оның бүгінгі оқырман үшін де маңызын жоғалтпағандығын айтты. Әсерлі пікірлер мен мазмұнды ойлар ортаға салынып, рухани байлыққа толы әсерлі кездесу өтті.
Қазақ тілі
Русский



