Осыған орай, Атырау облыстық балалар кітапханасында «Book week-2024» кітап апталығының ашылуы өтті.
Апталықтың бірінші күні әдістемелік-библиографиялық бөлімі «Мерейтой иелері-2024» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Шараның басты мақсаты: 2024 жылы аталып өтілетін ақын-жазушылардың, өнер қайраткерлерінің мерейтойларын оқырман қауымға жеткізе отырып, олардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Алдымен оқырмандарға биылғы «Бір ел-бір кітап-2024» акциясы бойынша жазушы Б.Соқпақбаевтың кітаптары таныстырылып, “Менің атым Қожа” атты бейнеролик көрсетілді. Одан әрі Қазақстанның мерейгер ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылықтары туралы толық мағлұмат беріліп, олардың кітаптары оқырман қауымға ұсынылды.
Шара барысында сиқырлы қоржыннан сұрақтар суырған кітапхана оқырмандары қызығушылықпен жарыса жауап берді.
Шара соңында кітапхана атынан белсене қатысқан барлық оқырмандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.




Қазақ тілі
Русский