Бұл мереке 1943 жылдан бастап халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі. Жылдағы дәстүр бойынша кітапханамызда 4-8 сәуір аралығында «Кітап — ғажайып қазына» атты кітап апталығы биыл да жалғасын тапты.
Аптаның алғашқы күні Абай атындағы №15 орта мектептің 6 «а» сынып оқушыларына ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен жарияланған «2022 жыл — балалар жылына» орай кітапханамызда ұйымдастырылған «Бала — біздің жарқын болашағымыз» атты көрмемен кітапханашы Ж.З. Молдашева таныстырды.
Жоспар бойынша 4 сәуір күні 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы — Шота (Шот-Аман) Уәлихановтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Болмысы бөлек жан» атты тарихи портрет өткізді. Алдымен балаларға атаулы күннің тарихы жайлы ақпараттар айтылып, кітап апталығының бағдарламасы таныстырылды. Кітап апталығының ашылу салтанаты кітапхана басшысының орынбасары А.С. Қабиеваның құттықтау сөзімен бастау алды.
Шара барысында оқырмандар ой қозғау мақсатында үлкен көлемдегі біртұтас суреттің жеке-жеке бөлшектерін жинап сәулетшінің туындыларын атап айтсақ ҚР Елтаңбасы, Тәуелсіздік монументы, Кеңесары хан, Шәкәрім Құдайбердіұлының ескеркіштерінің суретін құрастырды. Кітапханашы Н.К.Алжанова Шот-Аман Ыдырысұлының саналы ғұмырын, сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген, өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан болғанын жеткізді. Әсіресе Шота Уәлихановтың тегі жайлы мәлімет оқырмандардың аса қызығушылын арттырды. Одан әрі оқырмандар сәулетші туралы өз ойларын ортаға салып, тақырыпқа қатысты қызықты сұрақтарына жауаптарын алды.
Шара ән-шашумен өз мәресіне жетті.

Қазақ тілі
Русский