Шара дәстүр бойынша шашумен басталып, №15 Абай атындағы орта мектебінің 1«а» сынып оқушыларының қатысуымен «асық ату, арқан тартыс, сақина салу» атты қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Ежелден келе жатқан салтымыз «Бесікке салу» рәсімі өткізіліп, балаға деген ана махаббаты бесік жыры айтылып, тыштырма жасалды. Наурыз тойына арналған мерекелік тағамдардан дәм таратылып, шара соңында оқырмандарымыз бата тілектерін жарыса айтып мерекенің сәнін келтірді.
Қазақ тілі
Русский


