2024 ж. 28 қараша күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетістік желкені» жобасы аясында «Қарымы құлаш қаламгер» тақырыбында  кездесу кеші өтті

2024 ж. 28 қараша күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетістік желкені» жобасы аясында «Қарымы құлаш қаламгер» тақырыбында  кездесу кеші өтті. Кеш қонағы ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР құрметті журналисті, Ақпарат саласының үздігі, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы, публицист жазушы, қарымды қаламгер — Төлеген Жаңабайұлы.

Жоба мақсаты: Жетістікке жету жолындағы кейіпкеріміздің қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін оқырмандарға әңгімелеп, кәсіптегі өмір жолымен таныстыру.

Шара басында кеш қонағы Төлеген Жаңабайұлы еңбек жолындағы тәжірибелері мен естеліктерін айтып, журналисттік ғұмыры барысында болған қиындықтарды және оларды жеңу үшін жасаған іс-әрекеттері жайлы ой қозғап, оқырмандармен жайлы атмосферада әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, «Қарымды қаламгер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, кеш қонағына әртүрлі сұрақтар қойылып, оқырмандар тұшымды жауап пен келелі кеңестер алды. Сұхбат барысында танымал журналист ардагерді есімі дүйім жұртқа мәлім журналист ғана емес, басқа да қырынан көрдік.

Шара соңында, Төлеген Жаңабайұлы оқырмандардың болашағына зор үміт артатынын жеткізіп, жүрек жарды тілегін білдіріп, кітап оқуға шақырды.

 Шараға Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжінің студенттері мен Абай атындағы №15 орта мектептің 8«а» сынып оқушылары белсене атсалысты.

 

2 желтоқсан күні өнер секторы жанындағы «Жас ісмер» үйірмесінің жетекшісі А.Бейбітқызы №16 Қ.Қаражігітов атындағы 4«ә» сынып оқушыларымен «Морозные узорог» атты қолөнер сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандардың бойындағы шығармашылық ойлау, эстетикалық қабілеттерін дамыту.

Үйірме жетекшісі А.Бейбітқызы ең алдымен оқырмандарға қыс мезгіліндегі табиғаттың тамаша көріністерін, оларды қалай бейнелеуге болатындығы туралы әңгімелеп берді. Оқырмандар қысқы қырауларды нақышына келтіріп, бояп қағаз бетіне түсірді.

 

4 желтоқсан күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Жемқорлық — түбі қорлық» атты профилактикалық әңгіме ұйымдастырды. Шара №22 Әлия Молдағұлова атындағы мектептің 5«б» сынып оқушыларымен  өткізілді.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, зардаптары мен құқықтық бұзушылықтардың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқырмандарға мағлұмат беру.

Шара барысында, бүгінгі күні өзекті болып отырған жемқорлықтың не екенін, оның қандай зиян келтіретінін және онымен қалай күресуге болатыны туралы айтылды. Кітапханашы Сәлік А. тақырыпқа сай слайд көрсетіп, жасақталған кітап көрмеге библиографиялық шолу жүргізді.

 

 

05.12.2024 күні Облыстық балалар кітапханасының 1-4  сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері  мен Ф.Досымова атындағы №12 мектептің 4«б» сынып оқушыларының қатысуымен                        «Ал, қанекей, шешейік» атты  жұмбақ — ойыны өтті.

Мақсаты: Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке тәрбиелеу, ой-өрісін кеңейту.

Кітапханашы Ғ.Айзат  ең алдымен ойын кезеңдерімен таныстырып, одан әрі қызықты жұмбақтар мен  мақал – мәтелдер, тарихи тұлғалардың суреттері жасырылып, оқырмандар барлық тапсырмаларды дұрыс тауып, белсенділік көрсетті. Ойын соңында оқушыларды кітапхана оқырманы болуға шақырды.

 

6 желтоқсан күні кітапхананың 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қазақтың халық ақыны Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай  «Тыңда мені жүрекпен» атты поэзия кешін  ұйымдастырды. Шараға Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары  колледжінің студенттері мен №15 Абай атындағы орта мектептің 9«Б» сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: өскелең ұрпаққа ақынның өмірі және шығармашылығын таныстыру, ақынның поэзиясын насихаттау.

Шара кітапханашы Ж.Молдашеваның слайд арқылы Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмірі мен шоқтығы биік шығармаларын таныстыруымен басталды. Өз кезегінде оқырмандар ақынның жауһар жырларын оқып, әсем әнмен кештің сәнін келтірді. Кеш барысында «Өлеңнің жалғасын тап» ойыны ойнатылып, «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Кеш соңында, оқырмандар Фариза ақын туралы өз ойларын тақта бетіне стикерлерге жазу арқылы қалдырды. Көпшілік көңілінен шыққан поэзия кеші шараға белсене атсалысқан оқырмандарға алғыс айтып, сыйлықтар  берумен өз мәресіне жетті.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля