2025 жылдың 1 желтоқсан күні 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітапханамызда өрт қауіпсіздігін насихаттауға арналған «Өртсіз өмір-өз қолымызда!» атты ашық әңгіме болып өтті.

Шараға Атырау қаласы Төтенше жағдай басқармасы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Салиханов Жасұлан Талғатұлы және «Алаш» мектеп-гимназиясы, №15 Абай атындағы орта мектептерінің 4 «а» сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін кеңейтіп,өрт сөндірушілердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге шақыру.

Кітапханашы С.Қаршыгиева «Отпен ойнама, өмірді ойла» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқырмандарды өрт қауіпсіздігі ережелері мен алғашқы көмек көрсету жөніндегі басылымдар мен бүктемелермен таныстырды. Ашық әңгіме барысында оқырмандар кездесуге келген өрт сөндіру қызметінің білікті маманына көкейлерінде жүрген, күнделікті өмірде жиі ойландыратын сауалдарын еркін қойды. Маман өз кезегінде әрбір сұраққа жан-жақты, кәсіби тұрғыда жауап беріп, оқырмандардың қауіпсіздік сауаттылығын арттыруға зор үлес қосты.

«Алаш» мектеп-гимназиясының оқырмандары «Екі дос және қауіпті ойын» атты көрініс қойды. Бұл қойылым балалардың отпен ойнауға деген жеңіл қарауының қатерлі салдарын әсерлі жеткізді.

Шара соңында кітапханашы қатысушыларды үйде түтін детекторын орнатудың және электр құрылғыларын дұрыс пайдаланудың қарапайым ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля