Көрме еліміздің Тәуелсіздігі мен Астананың қалыптасу жолына арналған — тарихи және танымдық бағытта өтті.
Шараның мақсаты: оқырмандарға елордамыз Астананың тарихын, саяси және мәдени маңызын таныту, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Қаланың көрікті жерлерімен таныстырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шара барысында кітапханашы Сая Шынтасқызы оқырмандарға Астана туралы жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Көрмеге «Астана жыр құшағында, ән қанатында», «Астана-суретшілер көзімен», «Астана жан жүрегім», «Мәдениет» атты кітаптар мен журналдар қойылды. Көрме барысында оқырмандармен танымдылық сұрақ-жауап, сурет талдау, шағын викториналар ұйымдастырылды.
Қазақ тілі
Русский



