23 қаңтар күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Кітаптан ғаламтор озды ма?» атты пікірталас   ұйымдастырды.

23 қаңтар күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Кітаптан ғаламтор озды ма?» атты пікірталас   ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға кітап пен ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы түсінік беру. Кітап таусылмайтын кең, өмірлік азық екенін насихаттау. Әрбір нәрсені орынды пайдалану керектігін ұғындыру.

Қазіргі заманда ғаламтордың әлеуеті асып тұр. Себебі ғаламтор пайда болғалы кітап оқитындардың қарасы азайған секілді.Алайда ғаламтор бұрыннан сусындап келген кітаптың орнын баса алады ма? Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап — алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түзейтін, рухани жағынан есейтетін жан азығы.

Шара барысында бөлім кітапханашысы А. Сәлікқызы оқырмандарға тақырыпқа сай слайд көрсетіп, кітап пен ғаламтордың пайдасы мен зияны жөнінде қызықты деректерді әңгімеледі. Сонымен қатар, «Кітаптан ғаламтор озды ма?» атты көрмеге библиографиялық шолу жасады. Пікірталасқа А. Чехов атындағы №14 орта мектептің 8 «ә» сынып оқушылары белсене атсалысып, «Кітапқұмарлар» және «Ғаламтор достары» деп екі топқа бөлініп, бір-бірімен өз ойларын жарыса ортаға салып, қызу талқыға түсті.

Шараны қорытындылаған кітапханашы А. Сәлікқызы кітапхананың тұрақты және жаңа оқырмандарын кітап оқуға шақырды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля