23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен кітапханашылар күніне орай Бейбарыс алаңында ауқымды «Кітап Fest» фестивалі өткізілді.

Осы мерекелік бағдарлама аясында облыстық балалар кітапханасының «Ертегілер алаңға шақырады» атты ертегі кейіпкерлерінің шеруі ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, «Әр кітап – жаңа дос» кітап көрмесі мен «Кітап патшалығына кел» Book-drive (вело-жарнама) акциясы оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Салтанатты іс-шара барысында «Кітаптан дәм тат» библиокафе, «Кітаптар әлемінде» әдеби лото, «Кітаптан басталған қиял» сурет байқауы және «Құпия кітаптар әлемі» сиқырлы сандық сынды танымдық әрі ойын-сауық алаңдары жұмыс жасады. Оқырмандар «Әр кірпіш – бір кітап» Bibliо Jenga ойынына қатысып, «Дәмді кітаптар» библиофуршетінде ерекше форматтағы таныстырылымдардың куәсі болды.

Сондай-ақ, «Ұлттық ою – кітап бетінде» шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қатысушылар ұлттық өнердің қыр-сырымен танысты.

Айтулы күн аясында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Білім шамын жаққан ұстаз» атты мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Аталған іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейімен ерекшеленіп, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды мерекеге айналды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля