Мақсаты: оқушылардың бойына қазақ халқының ұлттық өнері мен қолөнеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық нақыштағы ою-өрнек, тұрмыстық бұйымдар мен салт-дәстүр арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық болмысты сақтауға тәрбиелеу.
Шеберлік сағатында қатысушыларға қазақ қыздарының сәндік әшекей бұйымдарының шығу тарихы, тәрбиелік мәні және қыз баланың көркі мен инабаттылығын айқындайтын ұлттық мұра екендігі туралы қызықты әрі пайдалы әңгіме айтылды. Оқырмандар өз қолдарымен шашбау, шекелік және сырға жасады. Жасалу кезеңдері рет-ретімен көрсетіліп, қажетті материалдармен жұмыс жасау тәсілдері үйретілді. Қатысушылар шығармашылық белсенділік танытып, әрқайсысы ұлттық нақышта безендірілген әсем бұйымдар дайындады.
Қазақ тілі
Русский




