24 қаңтар 2025 жылы Атырау облыстық балалар кітапханасының өнер секторының ұйымдастыруымен «Шәмші әлемі» (композитор Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл) әдеби – сазды кеші өткізілді.
Мақсаты: Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі, өнерімен және шығармашылық жолымен таныстыру. Сазгердің әндерін көпшілік назарына ұсыну, сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әндерін құрметтеуге шақыру.
Өнер секторының кітапханашысы А.Бейбітқызы оқырмандарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімдеме беріп, «Шәмші ән патшасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп гимназиясының 8-9 сынып оқушыларынан құралған «Ақерке» ансамбльі «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Ақ бантик», « Айша қыз», «Ән Аға» , «Әнім сен едің», «Қуаныш вальсі», «Ғашық күндер», №15 Абай атындағы орта мектептің 7«а» сынып оқушылары «Бәрінен де сен сұлу», «Қайдасың», «Туған күн кешінде» атты әндерін нақышына келтіріп орындады.

Қазақ тілі
Русский