22 қазан күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапханашы- мәртебелі мамандық» атты сұр-сұхбаты өтті.
Шара барысында кітапханашылардың кәсіби мерекесімен кітапхана басшысы Утеугалиева П.К және Қазақстан салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы Шайхашева Г.С құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, кітапхана ісінің ардагері Қазақстанның құрметті кітапханашысы Алиева Зияда Жұбандыққызымен сыр-сұхбат өтті. Кітапхана ардагерлері Хасаева Рыскүл Сейтқалиқызы, Козак Татьяна Андреевна, Қали Римма Әмірқызы және әріптестері кеш қонағымен естеліктерін бөлісе отырып, жылы лебіздерін білдірді.. Шара соңында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғарғы колледжінің студенттері кітапханашыларға арнап әнмен шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.
Қазақ тілі
Русский






