Сайыстың мақсаты — кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыру, олардың қоғамдағы беделін көтеру және оқырмандармен жұмыстың жаңа формаларын насихаттау болды. Іс-шараға аудандық балалар кітапханаларынан (Құрманғазы, Қызылқоға, Индер, Исатай, Мақат, Махамбет, Жылыой) келген мамандар қатысып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін, тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
І кезең «Кітапханашы келбеті» таныстыру;
ІІ кезең «Библиоэрудит» лэд экран арқылы ұяшықтарға жасырылған сұрақ-жауап кезеңі;
III кезең «Кітапхана мақтанышым, кітапханашы – мамандығым» (кітапхана мен кітапханашы мамандығын жарнамалау);
ІV кезең «BOOKFEST» үй жұмысы.
Қазылар алқасы әр қатысушының дайындық деңгейін, тапқырлығын және кәсіби шеберлігін бағалады.
Нәтижесінде:
І орын- Исатай аудандық балалар кітапханасы Курасова Акбөбек Рысбайқызы;
ІІ орын- Индер аудандық балалар кітапханасы Құсайынова Қарлығаш Кенжеғалиқызы;
ІІІ орын- Қызылқоға аудандық балалар кітапханасы Ардақ Айжарқын Ардаққызы иеленді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Мұндай сайыстар кітапханашылардың рухын көтеріп қана қоймай, қоғамда кітап пен білімге деген қызығушылықты арттыруға зор ықпал етеді.
Қазақ тілі
Русский


