27 маусым Атырау облыстық балалар кітапханасының өнер секторының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Көңілді старт» отбасылық спорттық сайысын өткізді.

Мақсаты: Отбасы мүшелерін спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, қуаныш пен сергектік сыйлау.

Бұл сайысқа кітапханамыздың оқырмандарынан құралған  әртүрлі отбасы мүшелері қатысты.

Кітапханашы А.Мухамбетова шараны ашып «Көңілді старт» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, сайыс қатысушыларымен таныстырды.

Сайысқа Ерсайыновтар, Қуанышовтар, Сағындықовтар, Сағынғаливтер, Руслановтар, Қазимовтар отбасы қатысты.

Бұл сайыста «Жұппен секіру», «Кегли құлату», «Қаппен секіру», «Кедергіден өту», «Теннис» спорттық ойындары ойнатылып жарыстырылды жәнеде білімдерін шыңдап викториналық сұрақтар қойылды.

А.Унгарова «Ақкербез», «Шымыр» халық әндерін орндап, М.Қазбек «Мен қазақтың баласы» әнін айтып, С.Асқарұлы «Ерке сылқым» күйін орындады.

Қатысушыларды «Ең көңілді отбасы», «Ең ұйымшыл отбасы», «Ең еңбекқор отбасы», «Өнегелі отбасы», «Үлгілі отбасы» «Белсенді отбасы»  номинациялары  бойынша алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля