Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы Ата Заңның қалыптасуы, маңызы мен тарихи рөлін білуге, Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы- адам құқығы мен бостандықтары. Мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң түрінде айшықтаған әлемге, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін оқырмандарға түсіндірілді.
Бөлім меңгерушісі Ш.Джумаева «Ата заңым айбыным» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, кітапханамыздың кітап қорындағы «Қазақстан Республикасының Конституциясы»-схемалы альбом, «Қазақстан Ата заңдары», «Конституция» және тағы да басқа кітаптармен таныстырды.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Коституциясына 30 жыл толуына орай кітапхананың 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қызметкерлері «Өз құқығыңды біл,өзгелерді қорғай біл» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Ата Заңымыздың асқақ рухын дәріптей отырып, әрбір азаматтың өз құқығын терең танып, оны ардақтай білуіне жол ашу, құқықты құрметтеуді өмір салтына айналдыруға үндеп, өзгелердің де бостандығы мен ар-намысын қадірлеуге шақыру.
Дөңгелек үстел барысында оқырмандарға Ата Заңымыздың қабылдану тарихына қатысты кітаптарға шолу жасап, оның Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызына тоқталды. Шара соңында оқырмандар Ата Заң – ел бірлігі мен бейбітшіліктің, тұрақтылық пен дамуының кепілі екенін ерекше атап өтіп, оны қастерлеуге әрьір қазақстандықтың қасиетті азаматтық парызы екендігін жеткізді.
Конституция – Қазақстанның ең басты құндылығы мен әділеттің айнасы. Онда әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы айқын жазылған. Өз құқығын білу- етеңге сеніммен қарау,ал өзгелердің құқығын құрметтеу-адамгершіліктің белгісі.
«Өз құқығыңды біл,өзгелерді қорғай біл» деген сөз – Қоғамдағы татулық пен сыйластыққа бастайтын үндеу. Конституцияға құрмет – Отанға құрмет, заңды қорғау – бейбіт болашаққа қосқан үлес.
Қазақ тілі
Русский







