Мақсаты: «Батырлардың ізімен» шығармасы арқылы оқырмандарға Ұлы отан соғысы батырларының ерлігін үлгі ете отырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елге деген құрметке, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Ж.Молдашева жазушы Әбу Сәрсенбаевтың өмірбаянына тоқталып, батырлық пен ерлік ұғымын көркем суреттеген шығарманы оқырмандарға кеңінен таныстырды.
Көрме «Батырлар туралы баяндау», «Ерлік пен елдік үлгісі», «Жеңіс жолындағы күрес» атты бөлімдерге бөлініп, Ұлы отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырлардың суреттері және майдан даласы бейнеленген макеттермен толықтырылды. Өз кезегінде оқырмандар шығарма желісі бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
Қазақ тілі
Русский



