29 мамыр күні Атырау облыстық балалар кітапхананың 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай, 26 мамыр — 26 маусым аралығында республикалық айлық аясында «Сенің өмірің.

Сенің ортаң. Есірткіге жол жоқ!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Атырау индустриалды колледжінің І курс студенттері қатысып, атсалысты.

Мақсаты: Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын-алу, оның зияны туралы ақпарат беру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Дөңгелек үстелге арнайы шақырылған Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Каюпов Самғат Кенжеғалиұлы оқырмандармен қоғамдағы нашақорлықтың алдын-алу бойынша ашық әңгіме жүргізіп, оған итермелейтін психологиялық факторлар мен одан сақтану жолдары туралы айтып, нашақорлықтың ағзаға тигізер ауыр зардаптарын түсіндіріп, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында оқырмандарға нашақорлықтың зияны мен оның салдары туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға шынайы оқиғалар мен деректер арқылы мәселенің маңыздылығын тереңірек түсіндірді.

Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қоюына байланысты, аталған маңызды бастаманы қолдау мақсатында шара соңында кітапхана басшысы оқырмандарды кітап оқуға шақырып, білім мен рухани дамудың маңызын атап өтті.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля