31 қаңтар Атырау облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкері Сая Шынтасқызы «Жетістік желкені» жобасы аясында «Балалардың бабын білген дәрігер» атты кездесу кешін өткізді.

31 қаңтар Атырау облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкері Сая Шынтасқызы «Жетістік желкені» жобасы аясында «Балалардың бабын білген дәрігер» атты кездесу кешін өткізді.

Шараға №15 Абай атындағы орта мектептің 3«а» сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқырмандардың денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру, олардың медициналық білімін жетілдіру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Шара қонағы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының дәрігері Серғалиева Назерке Қосайқызы оқырмандардың  сұрақтарына толықтай жауап беріп, зиянды әдеттерден аулақ болуға, өз денсаулықтарына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Шара барысында келген қонағымыз балаларға сергіту сәтін өткізіп, дұрыс жаттығу жасауды көрсетті.

Кітапханашы Сая Шынтасқызы «Денсаулық – сенің байлығың» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Көрмеге Қ.Қожақанов «Балалар өңешінің күюі және оны емдеу жолдары», А.Күлімбетов «Балалардағы құлақ аурулары», «Денсаулық», «Жүрек қалай соғады?», «Кейбір адамдар неге қорылдайды», «Денсаулық энциклопедиясы» және газет-журналдарға шығарылған мақалалар қойылды.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля