4 наурыз күні Атырау облыстық балалар кітапханасының өнер секторының қызметкерлерінің ұймдастыруымен «Жас ісмер» үйірмесінің жетекшісі А.Мухамбетова Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің 2 курс студенттеріне «Бисерден жасалған гүлдесте» атты шеберлік сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқырмандардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке үйрету, шығармашылығын дамыту.

Кітапханашы А.Мухамбетова: «…Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады…» — деп мәлімет беріп, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің 2 курс студенттеріне матаға бисер моншағынан «гүл» тігіп көрсетті.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля