4 желтоқсан күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Есірткісіз болашаққа» тақырыбында дәрігер-нарколог маманмен кездесу ұйымдастырды.

4 желтоқсан күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «Есірткісіз болашаққа» тақырыбында дәрігер-нарколог маманмен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Каюпов Самғат Кенжеғалиұлы қатысты. 

         Кездесудің мақсаты: Өскелең ұрпақтың зиянды әрекеттерден өзін аулақ ұстап, жарқын болашақтары үшін дұрыс таңдау жасаулары үшін бағыт бағдар беру.

         Шара барысында «Есірткі біздің жауымыз» тақырыбында кітап көрме таныстырылып, «Нашақорлыққа жол жоқ» атты бейнеролик көрсетілді.

Шараға арнайы шақырылған маман оқырмандарға бұл мәселе тек Қазақстанды ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отырғанын атап өтті, сондай-ақ оқырмандар тарапынан қойылған жағдаяттық сұрақтарға жауап берді.

        Оқырмандар есірткісіз, жарығы мол, қуаты биік болашақ туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл — тек бір күндік әңгіме емес, әрқайсымыздың күнделікті таңдауымызға байланысты үлкен жауапкершілік. Есірткіге қарсы күрес — тек дәрігерлердің, ұстаздардың немесе құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл — қоғамның, отбасының, ең бастысы, әр адамның өзінің өміріне деген құрметі мен саналы шешімінен басталатын ортақ мұрат.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля