Мақсаты: күз ханшайымын және күз ханзадасын анықтау, оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы С. Қаршыгиева ашып, қатысушыларды әділқазылар алқасымен және сайыс кезеңдерімен таныстырды.
Сайыс кезеңдері:
I. Кел, танысайық
II. Өз өнерін көрсету
III. Сән көрсету
IV. Үй тапсырмасы
Сонымен қатар, кітапханашы А.Мухамбетова «Арайлы алтын күз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Шараға қатысқан «Зейнеп Әмина» балабақшасының бүлдіршіндері «Күлше қыз» ертегісінен қойылым көрсетіп, музыкалық аспаптармен әсем әуен орындады.
Шара соңында «Арайлы алтын күз» қатысушылары күздің сиқырлы сәттерін бейнелеп, өнер көрсеткендері үшін мынадай номинациялар бойынша:
- «Жүгері» тобы — «Күз ханшайымы мен ханзадасы»
- «Жапырақ» тобы — «Көрермен көзайымы»
- «Көкөністер» тобы — «Күзгі әсем туынды»
- «Жеміс» тобы — «Ең белсенді қатысушылар» марапатталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Қазақ тілі
Русский




