Қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау

28 сәуір күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі №9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте 7«а» және 7«ә» сынып оқушыларының қатысуымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай, жазушының «Балуан  Шолақ» романына талдау жасады.

Мақсаты: қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, «Балуан Шолақ» романының мазмұнын мергерту, кейіпкер бейнесін ашу.

Шара барысында кітапханашы Л. Ахметқалиева «Қаламы мұқалып көрмеген — Сәбит» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, кітапхана қорындағы Ұлы қаламгердің мәңгілік мұрасына айналған «Сұлушаш»,  «Балуан Шолақ», «Алтын аймақ», «Адасқандар», «Өмір мектебі», «Сәбит Мұқанов тағлымы», «Халық мұрасы», «Мөлдір махаббат», «Ботагөз» туындыларымен таныстырды.

Сонымен қатар, жазушының белгілі романы «Балуан Шолақ» талқыланды. Оқырмандар арасында әр алуан пікірлер айтылды.

Қаламгер бұл туындысында қарапайым шаруа үйінде туып, өзінің алып күшімен, қайратымен жалпы қазақ жұртына танымал болған, әншілік, композиторлық өнерімен жүрген жерін, араласқан ортасын той думанға, сәнді салтанатқа айналдырған атақты балуан, әнші, композитор Нұрмағамбет — Балуан Шолақ Баймырза ұлының өмірі мен өнері,  азаматтық қалып-тұрғысы хақында көркем толғайды.

Шара соңында оқырмандар роман желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

30 сәуір Атырау облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік- ел тілегі» атты мерекелік шара өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандықтан ұғындыру, өскелең ұрпақты патриотизмге, елін жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, иәдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Мерекелік кешті Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркесторының дәстүрлі әнші Берік Амантаев  «Сайра, бұлбұл» әнімен ашты. Кітапханашы А.Бейбітқызы «Қазақстан – достық мекені» атты жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Көрмеге кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдарға жарияланған  мақалалар қойылды.

Кеш қонағы Атырау облысы Қазақстан халық Ассамблеясының «Алия» еврей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, еврей ұлтының өкілі Ухова Ирина Дмитриевна келіп, оқырмандарға ұлттық құндылықтарымен таныстырды (ұлттық киім, ұлттық тағамдары).

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Сенім» элитарлық мектебінің 2«а» және 3«с» сынып оқырмандар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында сынып жетекшілері мен мектеп оқушылары белсене қатысқандары үшін кітапхана атынан алғыс хатпен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля