Мақсаты: оқырмандарға қазақ поэзиясының символы М. Мақатаевтың
өмірі мен шығармашылығын насихаттау, поэзияға деген құштарлығын арттыру, ақынның өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Мұқағали оқулары 3 кезеңнен тұрды:
- І кезең: «Өзін таныстыру».
- ІІ кезең: «Әр өлеңі — бір әлем».
- ІІІ кезең: «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр».
Сайысқа ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, облыстық «Атырау» газетінің тілшісі Қалижан Еркеназ Еркінқызы, сондай-ақ Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы, филология ғылымдарының магистрі Шакиров Заманбек Зұлқарнайұлы, және де облыстық балалар кітапханасының басшысы Утеугалиева Перизат
Қайыржанқызы төрелік етті.
Сайыс қорытындысы бойынша – І орынды — Кенжемұратқызы Ақторғын, Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 «г» сынып оқушысы, ІІ орынды — Дәуренқызы Данара, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығының І курс студенті, ІІІ орынды — Ғани Ибраһим, №32 орта мектептің 5 «ә» сынып оқушысы иеленді. Абай атындағы №15 орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы Рахмет Нұрберген мен №16 Ж. Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің 7 «ә» сынып оқушысы Жұмағали Әмина алғыс хаттармен марапатталды.


Қазақ тілі
Русский