9 маусым күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың туғанына 80 жыл толуына орай, жазушының «Қарлығаштың ұясы» повесіне талдау жасады.

Мақсаты: қазақтың көрнекті жазушысы Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, «Қарлығаштың ұясы» повесінің мазмұнын мергерту, кейіпкер бейнесін ашу.

Шара барысында кітапханашы Ж.Молдашева қаламгердің өмір жолы мен сырлы қаламынан туындаған шығармаларын таныстырды. Сонымен қатар, жазушының белгілі повесі «Қарлығаштың ұясы» талқыланып, оқырмандар арасында әр алуан пікірлер айтылды.

Қаламгердің бұл туындысында әкесі мен анасын мүлдем көрмеген, әжесінің қамқорлығын 7 жасына дейін сезінген жеті жасар Шорман атты жетім баланың сағынышпен, күтумен өткен қиын тағдыры туралы айтылады: …Жақын ағайыны Қиянбектің үйін паналаған Шорман қарлығаштың жалғыз қалған балапанына қамқор болады. Бала қиялы қарлығаш өсіп, алыс айлақтан әжесін тірілтетін шөп дәрі алып келеді деп ойлайды. Қарлығаштың балапаны өсіп, ауыл үстін бір айналып өтіп ұшып кетеді. Құстың артынан ентіге қуған Шорман енді жете алмасын біліп, көзінің жасы мөлдіреп қала береді. Қарлығаштың ұшқан ұясына қайта оралуын зарыға күтумен Шорманның балалық өмірі өте береді.

Шара соңында оқырмандар шығарма желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля