8 тамыз күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі ұлы ақын, ғұлама, ойшыл, ағартушы аудармашы, композитор, қазақ халқына біткен бірегей тұлға Абай күніне орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты библио-бульвар ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарды Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға қызығушылығын арттыру.
Кітапхана оқу залында өткен аталмыш шараға Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі оқушылары қатысты. Оқырмандар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерін жатқа айтты.
Шара барысында бөлім кітапханашысы Ж. Молдашева Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй», «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», «Адам деген даңқым бар» т.б туындыларын оқырмандарға кеңірек таныстырды.

Абай – қазақ халқының біртуар азаматы, данышпан ақыны, ойшыл данасы, қазақ әдебиетінің биік тұлғасы. Оның нәрлі еңбектері мен көркемсөзі өскелең ұрпақтың санасына ақыл-парасат пен құндылықтар дарытатын тылсым сырға ие. Сонымен қатар адамгершілік пен сыйластыққа, достық пен еңбекқорлыққа шақыра білген ойшыл дана тұлға.
10 тамыз – Ұлы ақынның туған күні “Абай күні” болып белгіленді. Осыған орай Атырау облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қызметкерлері қалалық демалыс саябағында “Абайды оқы, таңырқа” атты библио-пикник ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты: жас ұрпаққа ұлы ақын Абай мұрасын насихаттау, мән-маңызы мен қадір-қасиетін ұғынуға, тағылымы мол шығармаларынан тәлім алуға тәрбиелеу.

Қазақ тілі
Русский