10 тамыз күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қазағымыздың өмірін өлеңімен жырлаған Абай Құнанбаевтың күніне орай «Абай өмірі мен мұрасын білесің бе?» атты дискуссиялық әткеншек ұйымдастырды
Мақсаты: Халқымыздың дана , дара тұлғасы, ғұлама ойшылы, сазгер, қазағымыздың бас ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, оқырмандардың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, ұлыларымызды құрметтеу, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Хакім Абай күніне арналған бұл шара қай қазақ болмасын бас қойып, қанып ішер рухани бастау бұлаққа айналған, құндылығы мол Абай өмірі мен шығармашылығынан бастау алды. Кітапханашы А.Краубаева оқырмандарға қазақтың бас ақыны, ұлағатты ұстаз атанған Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып,хакімнің неше түрлі кітаптарынан жасақталған көрмемен таныстырып өтті. шығармалар жинағындағы өлеңдерге тоқталып,олардың мән-мағынасын оқырмандар мен бірге талқылады.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» ,- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, күнделікті тіршілігімізде Абайдың өлеңдеріндегі үлгі- насихат сөздеріне талдау жасалынып,оқырмандар өз ойларымен бөлісті.
Қазіргі таңда балабақша бүлдіршіндерінен бастап, үлкен өмірге жолдама алып жатқан азаматтарға ұлы ақын мұрасы арқылы рухани азық алуға мүмкіндік бар екені осы дискуссиялық әткеншекте айдай анық көрінді.
Дисскуссиялық әткеншекті кітапханашы «абайтану- мұрат, ал абайлық өріске жету –парыз»,- деген Зылиха Жантасованың сөзімен қорытындылады.
Қазақ тілі
Русский



