18 тамыз Атырау облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері №17 «Бөбекжай-балабақшасымен» бірлесіп, «Әлемді кітап арқылы танимын» (балалар энциклопедиясынан) атты иллюстративті көрме өткізді.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа кітаптың маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсінік беріп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту, кітапты сүюге, оқуға баулу.
Көрмеде кішкентай оқырмандар өздері оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, сүйікті кейіпкерлерінің суреттерін ұсынды. Бұл көрме оқырмандарды кітап әлемімен жақын таныстырып, олардың қиялын дамытты.
Қазақ тілі
Русский


