26 ақпан күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл!» атты кездесу кеші өтті. Шарамызға JIDA мейрамханасының шеф-аспазшысы Ақбалиев Жанболат Ишангалиұлы және №15 Абай атындағы орта мектептің 3«а» және 4«а» сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: оқырмандарға аспаз мамандығы туралы кеңірек мағұлмат беру.
Алдымен кітапханашы Айна Бейбітқызы «Дәмді және пайдалы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Көрмеге тақырыпқа сай кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалар қойылды.
Шара барысында аспазшы шеберлік сағатын ұйымдастырды. Өз қолынан тәттілер, үй жағдайынан балмұзақ, шырын жасады. Шара соңында оқырмандар кеш қонағына көкейдегі сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
Қазақ тілі
Русский


