Мақсаты: қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру және кәсіби суретшінің тәжірибесімен бөлісу.
Шара барысында суретші өзінің шығармашылығы туралы айтып, сурет салудың қыр-сырымен бөлісті. Оқырмандар бояуларды дұрыс таңдау, композиция құру, жарық пен көлеңкені бейнелеу тәсілдерін үйренді. Сонымен қатар әр оқырман өз туындысын бейнелеп, кәсіби суретші маманнан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Шеберлік сағаты оқырмандар үшін мазмұнды әрі қызықты өтіп, олар жаңа білім алып қана қоймай, өз өнерлерін шыңдады.


Қазақ тілі
Русский