Ардақты өлкем-Атырауым!

8 қыркүйек Облыстық балалар кітапханасында 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кішкентай оқырмандар арасында туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Ардақты өлкем-Атырауым!» тақырыбында сыр сандық өтті.

Алдымен бөлім кітапханашысы Н.Асқарова оқырмандарға Атырау қаласының тарихын қысқаша айта келіп, «Ғажайып өлке–Атырау» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.Одан әрі оқырмандар Атырау қаласының көрікті жерлері туралы өз ойларын ортаға салып,қойылған сұрақтарға жауап берді.Нәтижесінде,оқырмандардың туған жерлері –Атырау қаласына деген сүйіспеншіліктері,мақтаныш сезімдері көрініп тұрды. Шара соңында оқырмандар Атырау қаласы туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берді.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля