30 тамыз Конституция күніне орай облыстық балалар кітапханасының 1-4 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің қызметкерлері кітапхана оқырмандарымен “Ардың шыңы — ата заң!” атты әңгіме сағатын өткізді.
Мақсаты: оқырмандарды өз мүдделерін қорғай алатын, ойларын ашық айтатын азамат ретінде: Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Баланың бойына еліне, халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Кітапханашы Н. Асқарова: “1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданғаны, Конституция 98 бапты біріктіріп, 9 бөлімнен тұрады.Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылғаны.Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек екені туралы әңгімеледі.
Шараны қорытындылай келе, оқырмандарға бірнеше сұрақтар қойылып, нақты жауап берген оқырмандар бүгінгі әңгіме сағаттан жақсы мағлұмат алғандығын көрсетті.
Қазақ тілі
Русский