Тамыздың 14-ші жұлдызы кітапханада Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ата заңым аялайды елімді» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді.
Мақсаты – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы хабардар ету, қоғамдық заңдар мен нормалардың орындалуын құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапханашы оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беріп, сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеріп, сауаттылығын тереңдетті. Балалар Қазақстан Республикасының заңымен танысып, өздерінің құқықтарын меңгерді. Сондай-ақ, оқырмандарға 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасы өзінің алғашқы төл валютасы – теңгені айналымға шығарғандығы туралы, теңгенің тарихы, символикасы, Қазақстан экономикасындағы рөлі жайында ақпарат беріліп, оны басқа валюталардан айырып тұратын ерекшеліктері туралы талқыланды.
Сонымен қатар, кітапхананың оқу залы бөлімінде мерзімді басылымдар бетінде жарық көрген бірқатар мақалалар мен кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.
Оқушыларымыз үшін бұл құқықтық сағат тек қана пайдалы ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру, бойларына құнды қасиеттерді сіңіру.
«Ата заңым аялайды елімді» атты құқықтық сағат өтті
Қазақ тілі
Русский