Ата Заңым — елдігімнің еңсесі

Атырау облыстық  балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі оқырмандарға елдігіміздің куәсі, тәуелсіздігіміздің тұғыры Ата Заңымыз туралы мағлұмат бере отырып, Заңымыз бен құқықтарымызды білу, олардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында «Ата Заңым — елдігімнің еңсесі» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды.

Ақпараттық сағатты  кітапханашы Бағытжан Ф.  «Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасым ханның «қасқа жолы», Есім ханның «ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері — біздің бүгінгі Конституциямыз»,-  деп  бастап,  еліміздің  ата Заңының, яғни, «Конституция» сөзінің қандай ұғым беретініне тоқталып өтті. Нұрлы таңмен бірге оянып, болашаққа үміт артқан әрбір азамат білуі тиіс ата Заңымен таныстырып, олардың әрқайсысына жеке түсініктеме берді. Адам көп мән бере бермейтін, мәселен, тегін орта білім, жалақы, медициналық қызмет, тағы сол сияқты күнделікті мәселелер дәл осы Ата Заңымыздың негізінде жүзеге асырылатынын атап айтты.

Оқырман қауымы арасынан да суырылып шығып, ата Заңымыздың қашан, қалай қабылданғаны жөнінде мағлұмат бергендер де аз болмады. Ақпараттық сағат қызу талқыға толы болды.

«Халқымыз — мемлекеттің ең басты байлығы болса, конституциямыз -халқымыздың ең басты байлығы»,  сондықтан Ата заңымыздың қадірін біліп, еліміздің әр азаматы өз ата Заңын жетік меңгерсе, оған адал болса, заң талаптарын сақтаса, еліміз тек биіктерден көрінері сөзсіз. Әрқашан солай болсын! — деген сөздермен Бағытжан Ф. ақпараттық сағатты аяқтады.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля