Мақсаты: Қоғамда, әсіресе жас ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және әр адамды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндеу.
«Есірткісіз болашақ» — бұл тек ұран емес, бұл жас өспірімдердің саналы таңдауы мен жарқын өмірге ұмтылысының көрінісі. Қазіргі таңда жас ұрпақ арасында есірткіге әуестену — қоғам үшін үлкен қауіп. Бұл — тек бір адамның емес, тұтас ұрпақтың тағдыры. Біз есірткіден бас тарта отырып еркін, дені сау, армандарға толы өмірге жол ашамыз.
Шара барысында оқырмандар есірткі туралы өз ойларын ортаға салды. Олар «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз», «Болашағыңды есірткімен емес, арманыңмен құр» сауалдары бағытында әңгіме өрбіте отырып, тақырыпқа байланысты өзекті сұрақтарға жауап берді.
Әрбір адам өз болашағына жауапты. Спортпен айналысып, білім алып, жақсы істермен айналысу — міне, нағыз батырлық. Есірткі — әлсіздік, ал одан бас тарту — ерлік.
Келешегіміздің кемел болуы — біздің бүгінгі саналы таңдауымызға байланысты. Ендеше, есірткісіз болашақ үшін бірге күресейік!
Қазақ тілі
Русский


