Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен полицилердің ерлік істері, олардың кәсіби біліктілігі мен жанқиярлығын қоғамдық тәртіпті қорғаудағы қылмыспен күресудегі және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектерін насихаттау, шыншыл да, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Қоғамның тыныштығын күзетуші» тақырыбында №3 учаскелік полиция лейтенанты Боранғали Серік Боранғалиұлымен кездесу өткізілді. Шараға №14 А.Чехов атындағы орта мектептің «Тұлпар» бейіндік лагерь демалушылары қатысып, атсалысып, белсенділік көрсетті.
Шара барысында бөлім кітапханашысы Сәлікқызы А. «Қоғамның тыныштығын күзетуші» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, кездесу қонағы Боранғали Серік Боранғалиұлымен кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі тақырыбында әңгіме жүргізді. Серік Боранғалиұлы мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда тәртіп ережелерін қатаң сақтауды айтып, сондай-ақ, қазіргі кезде көп кездесетін жасөспірімдердің арасында әлімжеттік, ақша сұрау мәселелері қозғалып, кәмелетке толмағандар үлкендердің қадағалауынсыз түнгі уақытта, яғни 2300-0600 аралығында жүруге болмайтыны ескертілді. Шараға қатысқан лагерь демалушылары өз ойларындағы сұрақтарына жауап ала алды.
Кездесу нәтижесі оқырмандарымызға пайдалы болды деген сенімдеміз.

Қазақ тілі
Русский