Бұл мереке – халқымыздың рухани мұрасын дәріптеп, ұлттық өнерге деген құрметті арттыруға арналған ерекше күн. Осыған орай 1- шілде Атырау облыстық балалар кітапханасында өнер бөлімінің ұйымдастыруымен «Домбыра қазағымның қазынасы» атты танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыраның тарихи және рухани маңызын таныстыру, күй өнерін насихаттау, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметті арттыру, оқырмандардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын ояту.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға домбыраның шығу тарихымен, оның қазақ өміріндегі орны мен маңызымен танысып, ұлттық аспаптың қасиеті туралы мол мағлұмат алды. Оқырмандар қазақтың күй өнері, күйдің адам жанын тербететін құдіреті, сондай-ақ Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина сынды атақты күйшілердің өмірі мен шығармашылығы жайында қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінің оқытушысы Айнұр Қойшыбайқызы Сакупова ұлттық аспаптың қадір-қасиеті кеңінен насихатталып, күмбірлеген күй әуені шырқалып, оқырмандарға рухани азық боларлық тың мәліметтер айтылып және тұрақты оқырмандарымыз Қонысбай Жанель “Ерке сылқым”, Лукпанова Азиза “Балбырауын”, Сансызбай Жандос “Тепең көк”, Максимқызы Жайнар “Нәр ағаш”, және “Домбыра” күйлері орындалып, одан бөлек «Monar kids » балабақшасының Жұлдыз тобының Нургуль Ажигериеевнаның жетекшілігімен кішкентай бүлдіршіндеріміз Бипыл биімен өз өнерлерін көрсетті.
Шара соңында кітапханашы А.Бейбітқызы жасақталған «Күмбірле, қасиетті домбыра!» атты кітап көрмесіне шолу жасап, қатысқан оқырмандарға сыйлықтар табысталды.
Домбыраның үні ешқашан өшпей, қазақтың жүрегінде мәңгі жаңғырып тұра берсін.
Қазақ тілі
Русский








































