«Ауған ақиқаты» кездесу кеші

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, 12 ақпан күні Облыстық балалар кітапханасының оқу залында 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ауған ақиқаты» атты ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және оқырмандарға патриоттық тәрбие беру.

Кездесу кешіне өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгер, ауған соғысының ардагері Даулетбаев Берікбай Есқабылұлы қатысты. Кеш барысында Берікбай Есқабылұлы Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктерімен бөлісіп, оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Кітапханашы Алжанова Н. Ауған жолдарымен өткен жерлес жас сарбаздардың ерліктері туралы баяндайтын «Ауған ақиқаты» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Көрме оқырмандарға ерекше әсер етті.

…Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесімізге кітапхана ұжымы алғыс білдірді.

Шараға Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенттері қатысты.

Задать вопрос

Закрыть

Ваш вопрос отправлен!

Здесь вы можете задать вопрос.

ФИО *
Адрес электронной почты *
Адрес вашего сайта(необязательно) (начинать с http://)
Тема вопроса *
Вопрос *
* Необходимые поля