11 қазан күні Атырау облыстық балалар кітапханасында «Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» оқушыларымен «Бала -басты жолаушы» атты библио-квилт өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру,есте сақтауға үйрету,жол қауіпсіздігін,өз өмірлерін сақтап білуге тәрбиелеу.Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру,жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Алдымен бөлім кітапханашысы Асқарова Н.жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.Одан әрі оқушыларға жолда жүру ережелерін,жаяу жүргіншіге білу керек қағидаларды «Жол ережесін сақтайық»атты видеослайд арқылы көрсетіп толықтырылды.Нәтижесінде оқушылар толғандырған сұрақтарына жауаптарын алып,жол белгілерін жақсы меңгергендерін көрсетті.
Қазақ тілі
Русский

