Биыл «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ балалар әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары оқуға таңдалған болатын. Осыған орай Атырау облыстық балалар кітапханасында оқырмандарға «Бердібек әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрмеге жазушының «Таңдамалы жинағы» 1-2 том, «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Қайдасың Гауһар?» т.б кітаптары қойылып, оқырмандарға таныстырылды.
Қазақ тілі
Русский

